Тұрсынбаева қысқа бағдарламада өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазір ғана қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан өнерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 65,48 ұпай иеленді. Нәтижесінде үздік ондыққа енді. Отандасымыз өз жаттығуларын жоғары деңгейде орындап шықты.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева бірінші орында келеді. Ол 79,01 ұпайға ие болды. Екінші және үшінші орындарға канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Кейтлин Осмонд (75,98) пен Габриэль Дэйлман (72,19) ие болды.

Мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарлама жарысына 31 наурыз күні шығады. Әлем чемпионатының спортшылар үшін маңызы жоғары. Себебі 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама ұпайлары берілетін болады.


 

Соңғы жаңалықтар