Түрмелерде саптық даярлық сабақтарын тоқтату қажет - ҚР Бас прокуратурасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның түзеу мекемелерінде саптық даярлық сабақтарын өткізуге шектеу қою қажет. Бұл туралы бүгін 4-ші түрме реформасы форумы барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз құқық қорғаушылармен келісіп, тәлім-тәрбие алуға әсер ету шараларынан бөлек қылмыстық және атқарушылық кодекстерде көзделмеген адымдап жүру, сонымен бірге саптық дайындық сабақтарына шектеу қоюды ұсынынамыз», - деді ол.

Сонымен қатар Меркель сотталушылардың тәрбие жұмыстарына қатысуын, өзге сотталушыларға ішкі тәртіп ережесін түсіндіруін шектеу қажеттігін баса айтты.

Айта кетерлігі, Бас прокурордың бірінші орынбасары форум барысында «Азаптаусыз қоғамға қарай» жобасының тұжырымдамасын таныстырған болатын. Тұжырымдамаға сәйкес азаптау қылмысқа жатқызылып, азаптау құрбандарына өтемақы төлеу қолға алынады. Қылмыстық жазаларды орындау кезінде сотталғандардың құқықтарына кепілдік беріледі. Мәжбүрлеп жер аударуға тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар