Түрмеден шыққан Бадр Хари бірінші жекпе-жегін Glory турнирінде өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттың К-1 түрінен ауыр салмақта бұрын чемпион болған Бадр Хари кикбоксингке қайта оралады.

Марокколық танымал Glory кикбокс ұйымымен жаңа келісімшарт жасасты. Ол алғашқы жекпе-жегін 3 наурыз күні Glory 51 турнирі аясында өткізеді. Қарсыласы Glory-дің қазіргі чемпионы Рико Верхувен болуы мүмкін, деп хабарлайды sports.ru .

Харидің соңғы айқасы 2016 жылғы желтоқсанда болған. Ол жекпе-жекте дәл осы Верхувеннен техникалық нокаутпен жеңіліп қалған. Сол жекпе-жек Бадр Харидің жалпы спорттық мансабында Glory аясындағы алғашқы әрі әзірше жалғыз айқас болып отыр.

Биылғы ақпанда Хари дөрекі мінез көрсеткені үшін екі жылға сотталды. Ол  6 ай түрмеде отырды, қалған бір жарым жылын шартты мерзім негізінде өтейтін болады.

Соңғы жаңалықтар