Түрмеден кейінгі өмір: Адасқанның айыбы жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сотталған тағдырлар туралы сыр шертетін «Өз бостандығыңа қол жеткіз» фотокөрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмені Бас прокуратура мен ЕО Қазақстандағы қылмыстық әділ сотты жетілдіру жобасы (EUCJ) бірлесе ұйымдастырған және онда пробация қызметі арқылы үлгілі тәртібімен, адал еңбегімен бостандыққа шығып, қоғамға бейімделе білген сотталушылар туралы баяндалады.

null 

«Фотокөрме кейіпкерлерін түсіру үшін Орал, Семей, Қарағанды қалаларына сапар шектік. Онда бір кездері шалыс басып, бірақ өз қателігін мойындап, мемлекеттің қолдауымен өмірлерін жаңа парақтан бастаған үш тағдыр иесін көрсеттік. Олардың қалай еңбек еткенін, түрмеден кейінгі өмірінің қалай өтіп жатқанын жаздық. Мұндағы біздің мақсатымыз сотталғандар туралы қоғамда қалыптасқан қасаң стереотиптерді бұзу еді. Олар да сіз бен біз секілді қоғамның толыққанды мүшелері. Ең бастысы, қоғамның оларды қабылдап, түзеліп кететіне сенуі қажет», - деді фотожоба авторларының бірі, журналист Ксения Придатченко.

Жоба кейіпкерлерінің бірі - Семей қаласының тұрғыны, көп балалы ана Анар Сүлейменова. Ол алаяқтық үшін бас бостандығынан айырылып, алтыншы баласын колонияда өмірге әкелген. Түрмедегі еңбек жолын Шамалған ауылында әйелдер колониясы жанындағы Балалар үйінде бала бағушы болып бастаған және қазір Анар пробация қызметінің күш салуымен аспаз-кондитер курстарына қатысып жүр.

null 

Орал қаласының 33 жасар тұрғыны Қазыбек Нұртазин бір кездері тонау, қорқытып алу және адам ұрлау баптарымен сотталған еді. Колонияда өткен екі жыл ішінде Қазыбек керамзит блоктарын, сақиналар мен металл конструкцияларын өндіру бойынша бизнес ашқан. Өз кәсіпорнына жиырмадан астам адамды жұмысқа алған. Қазір үй салып, автобустар мен КамАЗ көліктерін жалға берумен айналысады.

null 

Қарағандылық Александр Некрасов болса ұйымдасқан қарақшылық үшін темір торға жабылған. Колонияда ағаш ұстасының көмекшісі болып жұмыс істеп, дәнекерлеу кәсібінің қыр-сырын меңгерген. Пробация қызметі арқылы газ-электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстарды аяқтаған. Қазір «Аспап» кооперативінде жұмыс істейді.

null null 

Фотокөрме Қазақ гуманитарлық заң университетіне қойылған және 16 желтоқсанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар