Түрмедегі төбелес: 9 адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың солтүстік шығысындағы Тамаулипас штатының Рейнос қаласындағы түрмеде болған төбелес тоғыз сотталушының өлімімен аяқталды.

Тағы 11 жазасын өтеуші жарақат алды, деп хабарлады штаттың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі.

Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді. Оқиғадан кейін түзеу мекемесінің ішкі және сыртқы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Мексика түрмелерінде тәртіпсіздік жиі болып  тұратын жағдай. Олар көбінесе адам өлімімен аяқталып жатады. Соңғы он жылдықтағы сотталушылар арасындағы ең қантөгісті соқтығыс 2016 жылдың ақпан айында «Топо-Чико» түрмесінде болды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ол жолы 49 адам қаза тапқан.  

Соңғы жаңалықтар