Түрмеде зорланған әйел ісі: Әділет полковнигі 5 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түрмеде зорланып, жүкті болған Наталья Слекишинаның ісі бойынша сол кездегі ЛА-155/18 уақытша тергеу изоляторының басшысы Ермек Омарбековке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Түркісіб аудандық сотында Ермек Омарбековке қатысты сот шешім шығарды. Ол қызмет бабындағы салғырттығы (ҚР ҚК 370-бабы, 4 тармағы), қызметтік лауазымына зиян келтіру (ҚР ҚК 361-бабы, 2-тармағы) баптары бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға сотталды. Сонымен қатар, әділет полковнигі лауазымынан айырды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы түрме қызметкері Руслан Хакимов зорлап, одан бала тудым деген Н. Слекишина сол кездегі уақытша ұстау мекемесінің басшысы Ермек Омарбековке оқиға туралы арызданған. Алайда ол ешқандай әрекет жасамаған. Ал Н. Слекишинаны зорлаған Р. Хакимовтың кінәсі дәлелденіп, 9 жылға түрмеге қамалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар