Түрме реформасы форумына ҚАЖК басшылығының қатыспауы Бас прокурордың шамына тиді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада өткен 4-ші түрме реформасы форумының жұмысына Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы қатыспады. Бұл жайт форум жұмысын жүргізген ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың ашуын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осында ҚАЖК төрағасы бар ма өзі? Мынадай әңгімелер болып жатыр, ал төраға жоқ. Олар үшін мұнан асқан қандай маңызды тақырып болуы мүмкін? Міне қарым-қатынасы. Бізде ҚАЖК-де қаншама төраға болды, олар әр уақытта да ведомство мүддесін қорғайтын. 3 жылда сіздердің 80 қызметкерлеріңіз сотталды. Өз әріптестеріңізді аямайсыздар ма? Өз әріптестеріңізді ойласаңыздаршы! Сіздер оларға мұндайға жол беруге барлық жағдай жасайсыздар да бұл дұрыс деп ойлаймыздар ма?», - деді Асанов.

Сонымен қатар Бас прокурор әлі күнге дейін түзеу  мекемелерін видеокамералармен, ал ҚАЖК қызметкерлерін видеорегистраторлармен жабдықтау шаралары қолға алынбағандығын баса айтты.

«Заңды бұзады, азаптайды, сондай ахуал қалыптасқан, ештеңе жазылмайды. Ол тиын тұрады, барлық жерге  орнатып, көзге түспейтін аймақтарды жою керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар