Түрме форумы: ЕО жобасына Бас прокурордың өзі «қамқоршы» болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 4-ші түрме реформасы форумы барысында Еуропалық одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот әділдігін жетілдіру» жобасының сарапшысы Сәуле Мектепбаева аталған жобаның жүзеге асырылуы жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осыдан 4 жыл бұрын, 2012 жылы Жақып Қажманұлы (ҚР Бас прокуроры Асанов) маған хабарласып, түрме форумы жобасымен бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Сол кезде ол маған табысты жоба құпиясы бар екендігін айтқан болатын. Ол жобаға үш адам, яғни, шабыттандырушы, жақсы орындаушы және «қамқоршы» болуы керектігін атап өтті. Міне осы жобаның «қамқоршысы», жетекшісі Жақып Қажманұлы болған еді», - деді ол.

Сонымен қатар Мектепбаева еліміздің Бас прокуроры тек қана «қамқоршы» ғана емес сонымен бірге шабыттандырушы да болғанын баса айтты.

«Жұмыс тобы Бас прокуратураның 5 қабатында сағаттап отыратын. Өте көп сараптамалық жұмыс жүргізілді. Статистикалар қажет болған кездері кейбір кезеңге арналған түрме статистикасының болмағаны да анықталды. Сондықтан себептер мен тергеу нәтижелелерінің дұрыстығын салыстыру үшін мұрағатты көтеруге тура келді. Бүгін аталған команданың табандылығының арқасында жоба жүзеге асырылды деп айта аламын», - деді Мектепбаева.

Соңғы жаңалықтар