«TURKVISION» 2017 жылы Қазақстанда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл ақпаратты журналистерге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың тағы бір айрықша оқиғасы -  «TURKVISION» қазіргі заманғы эстрада әндерінің конкурсын тамыз айында Астанада өткізуді жоспарлап отырмыз. «TURKVISION» миссиясы - түркі мәдениетін насихаттау, түркітілдес музыканттар көрермендерінің аясын кеңейту, ортақ мәдени кеңістік құру және туыстас халықтар мен елдер арасында достық қарым-қатынастарды орнату»,-деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрынғы «TURKVISION»  байқауында Қазақстан намысын қорғаған Жанар Дұғалова  1-орын алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар