ТүркПА VII пленарлық сессиясына дайындық басталды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына қатысушы-елдердің Парламенттері биыл 8 желтоқсанда Бішкек (Қырғызстан) қаласында өтетін Ассамблеяның кезекті VII пленарлық сессиясына дайындықты бастады. Бұл туралы Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.

ТүркПА Бас хатшысы Жандос Асанов, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы, ТүркПА Кеңесінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің тапсырмасы бойынша Әзербайжанның Милли Меджлисінің төрағасы Октай Асадовпен, Түркияның Ұлы ұлттық ассамблеясының төрағасы Исмаил Кахраманмен, Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Чыныбай Турсунбековпен кездесіп, Ассамблеяның жоғары деңгейдегі кездесулерінің бағдарламасы мен күн тәртібін талқылады.

Соңғы жаңалықтар