Түркияның жүк кемесі Қара теңізге батып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Темір рудасы тиелген Bilal Bal кемесі Қара теңіздің Эригли портына келе жатқанда, Түркияның Шиле қаласына жақын маңда суға батып кетті, деп жазады «Сабах» басылымы.

Мәрмәр теңізінің Гемлик портынан шыққан түрік кемесінде 13 адамнан құралған экипаж болған. Олардың барлығы Түркия азаматтары.
Түркия жағалау қызметі іздеу-құтқару операциясы барысында экипаждың 4 мүшесінің денесін тапты. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Кеме 1974 жылдан бері пайдаланылып келеді.

Корреспондент.net-тің хабарлауынша, бұрын Босфор бұғазында да құрғақ жүк тасымалдайтын Leonardo кемесі қақ ортасынан бөлініп кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар