Түркияның ақпараттық порталында Назарбаев туралы мақала жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның trt.net.tr ақпараттық порталында «Түркия және Еуразия тынысы 25» айдары бойынша «Нұрсұлтан Назарбаев әкімшілігі мен аймаққа ықпалы» мақаласы жарық көрді деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Көлемді мақалада Елбасы Н. Назарбаевтың өмірбаянымен қоса, оның әлемдік саясаттағы ерекше құрметке бөленген тұлға екені туралы айтылған.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері еліне басшылық жасауда. 1991 жылдан бері тек қана Қазақстанның емес, Түркі әлемі мен көптеген елдің де сеніміне ие болды. Халықаралық қоғам оны бейбітшілікті жақтайтын бір басшы ретінде танып, қатты құрметтейді», - делінген түркиялық сайтта жарияланған мақалада.

Әсіресе, автор Нұрсұлтан Әбішұлының сыртқы саясаттағы адамгершілік теңдік ұстанымы туралы кеңінен тоқтала отырып, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) тұрақты емес мүшесі ретіндегі «Астана процесіне» айрықша көңіл бөлген.

«...Назарбаев сыртқы саясатта бірдей ұстанымнан гөрі әр мемлекетке тепе-тең қашықтықта болуды жақтады. Көп векторлы бір сыртқы саясат жүргізуде. Бұл көп векторлы саясаты себепті Назарбаев халықаралық қоғамда «бітімгер басшы» болып есептеледі. Баршаға мәлім, Назарбаев Сирия дағдарысы мен Сириядағы гуманитарлық трагедияның шешімі үшін іске кірісті. Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен өткізіліп жатқан Астана процесіне қонақжайлық жасайды. Қазақстанның келіссөздерге қонақжайлық жасауы Сирияның маңызды актерлерінің бірі ретінде түрікмендерді де Астана процесіне қосып, болымды көзқарас қалыптастыруда ықпалды болды», - дейді автор. Айта кеткен жөн, бұл мақала Ататүрік Университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы ғылыми-зерттеу қызметкері Джемил Доғач Ипектің сараптамасынан аударылыпты. Назарбаев Түркі әлемінің тіл мен әліпби одақтастығы үшін күш салған басшы, деп баға береді автор. «...Бірнеше ай бұрын Қазақстанға бардым. Қазақстандағы өзгеріс пен жаңалықтарды көру мүмкіндігім болды. Назарбаев қазіргі заманның тыныс-тіршілігін өте жақсы ескерген президент. Бұл бағытта Назарбаевтың латын әліпбиіне өту тапсырмасы аса маңызды. Назарбаев 2025 жылына дейін барлық кітаптар, мерзімді басылымдар және ресми құжаттарды латын әліпбиімен басып шығару керектігін атап көрсетті. Бұл шешім Түркі әлемінің тіл мен әліпби одақтастығы үшін аса маңызды және стратегиялық ортақ бастама. Нұрсұлтан Назарбаевтың көзқарасы және стратегиясымен түрленген «Қазақ моделі» Түркі өркениетінен нәр алады. Осының арқасында бұл моделде «тұрақтылық» пен «экономикалық өсу» байқалады...», - деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар