Түркиялық делегация қазақстандық кәсіпкерлермен кездесулер өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының (МЮСИАД) мүшелері Қазақстаннан жаңа экономикалық ынтымақтастық іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада МЮСИАД-тың Кониядағы филиалы 2018 жылдың 26-29 сәуір күндері аралығында іссапармен Алматыға келетіні айтылған. Сапар мақсаты - Түркияның Қазақстанға экспортын арттыру.

«Түркияның тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер қауымдастығының Қазақстандағы Президенті Йылмаз Кесен Алматыда МЮСИАД-тың  Кониядағы өкілдерін қуана қарсы алатынын жеткізді. Сондай-ақ,  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысумен өтетін  B2B форматындағы кездесулерде Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын арттыруға бағытталған тақырыптар талқыланатынын айтты» деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сай, Түркиядан келетін сауда делегацияларының бизнес-бағыттары құрылыс, машина жасау, металлургия, автомобиль, қосалқы бөлшектер, зергерлік бұйымдар жасау, электроника, есептеу техникасы, жиһаз, тұрмыстық техника және ауаны баптау салаларын қамтиды.

Соңғы жаңалықтар