Түркиялық басылым: «Астана» клубы Твумаси үшін қосымша ақша сұрап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиялық EnBursa.com сайты «Астана» мен «Бурсаспор» футбол командалары арасындағы Патрик Твумасидің трансфері бойынша соңғы келіссөздердің қаржы құпиясын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, түркиялық клуб «Астана» клубының шабуылшысы Патрик Твумаси үшін 1,5 миллион еуро ұсынуда. Ал «Астана» үстіне тағы 250 мың еуро сұрап отыр.

Бұған дейін елордалық клубтың президенті Саян Хамитжанов Твумасиді аз ақшаға жібермейтінін мәлімдеген болатын.

«Қазіргі таңда Твумаси «Астана» ойыншысы, оның келісімшарты әлі күшін жойған жоқ. Әрине, желідегі ақпаратты үнемі қадағалап отырамыз. Алайда ол шындыққа жанаспайды. Дәлірек айтсақ, бізде нақты екі ұсыныс болған. Бірақ олар бізді қанағаттандыратын қаражат ұсынбады. Твумасиді минималды сомаға жіберудің мәні жоқ. Одан да Патрикті командада қалдырып, Еуропа лигасының 1/16 финалында абыроймен өнер көрсеткеніміз дұрыс. Сонымен қатар, 2018/19 жылғы Чемпиондар лигасында барлық Қазақстандағы жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді», - деді Хамитжанов.

 

 

Соңғы жаңалықтар