Түркияға баратын қытайлық туристер саны күрт көбейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жыл Қытайда  түркі туризмінің жылы болып жарияланды. Бұл қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп отыр. Ағымдағы жылдың алғашқы айларында Түркияға келген қытайлық туристердің саны артып қана қойған жоқ, мұның алдындағы жылмен салыстырғанда жаратқан шығындары да көбейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ірі Global Blue компаниясының деректеріне қарағанда, 2018 жылдың алғашқы тоқсанында қытайлық туристердің Түркияда жұмсаған шығыны өткен жылмен салыстырғанда 166 процентке өскен.

Шығын бойынша қытайлықтардан кейін Ұлыбритания келеді.  2018 жылдың алғашқы тоқсанында британдық туристердің жаратқан қаржысы өткен жылмен салыстырғанда 83 процентке көбейді. Атап айтқанда, әр адам басына шаққанда  сегіз мың түркі лирінен (1959 доллар) келіп отыр.

Одан кейін Катар, Сауд  Аравиясы, Германия, Ресей, Азербайжан және Иран тұр.

Соңғы жаңалықтар