Түркияда ТЖ режимі тағы үш айға ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия парламенті елдегі төтенше жағдай режимін тағы үш айға ұзартты, деп хабарлайды ТАСС.

Елде жарияланған төтенше жағдайдың мерзімі 19 шілдеде аяқталуы тиіс еді. Түркияда ТЖ режимі 2016 жылғы 15 шілдеде болған бүліктен соң үш рет 90 күнге ұзартылған болатын. Парламент  шешімін президент ратификациялағаннан және баспасөзда ресми жарияланғаннан кейін Түркияда ТЖ режим 20 қазанға дейін сақталатын болады.

Бұл шешімге бірқатар Еуропа елдері мен оппозиция өкілдері сын айып үлгерді.

Алайда Түркияның президенті Тайип Эрдоган елдегі төтенше жағдай азаматтарға, шетелдіктерге және бизнес өкілдеріне еш кедергі келтірмейді деп атап айтты.

Айта кетейік, Түркияда  16 шілдеде бір топ бүлікші әскери төңкеріс жасамақ болды.  Негізгі қақтығыс Анкара мен Стамбұлда болды. 240-тан астам түрік азаматы қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жарақат алды. 

Соңғы жаңалықтар