Түркияда Түркі мәдениеті мен тілінің тазалығын сақтау жолдары талқыланды

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Анкара қаласында 22-27 мамырда Түркі ұлыстарының «2017 Turk Dili Yili» YIII құрылтайы өтті. Шараның негізгі мақсаты - түбі бір түркі тілдерінің тарихы мен бүгінгі ахуалын, түркі ұлыстарына ортақ мұралардың тілдік ерекшеліктері мен тілдерді дамытудағы рөлін зерделеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрылтайға 33 мемлекеттен 250 ғалым қатысып, түркі әдебиеті мен тілінің әртүрлі мәселелерін қамтитын баяндамалар жасалды. Бұдан бөлек, қоғамның өркендеуіндегі тілдің маңызы мен оның болашақтағы тағдыры туралы сөз болды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар қазіргі жаҺандану дәуірінде түркі мәдениетінің терең тамыры мен тілінің дербестігін, тазалығын сақтап қалудың жолдары туралы пікірлерін ортаға салды.

Түркі ұлыстарының құрылтайына Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған қатысып, алқалы жиынның маңызы туралы сөз қозғап, болашақтағы атқарылатын істерге бағыт-бағдар берген болатын.  Сөз соңында Түркия Президенті бірқатар ғалымға «Түркі тілінің дамуына үлес қосқаны үшін» халықаралық марапатын салтанатты түрде табыстады. Бұл марапатты Түркия, Германия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Әзербайжан және Қырғызстаннан келген ғалымдар алды. Қазақстаннан осы марапатты филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлбану Қосымова иеленді. Оның түркология және тілдің тарихы, шешендік өнер саласындағы зерттеулері шет елдерде, әсіресе Түркиядағы ғылыми ортада кеңінен танымал.

Құрылтайға қатысушылар түркі ғалымдарының басын қосқан шараны ұйымдастырғаны үшін Халықаралық лингвистикалық қоғамға шексіз ризашылығын білдірді.

null

 

Кенан Коч

 Филология ғылымдарының докторы, профессор,

қазақ тілінің шетелдегі зерттеушісі

Соңғы жаңалықтар