Түркияда төрт мыңға жуық мемқызметші жұмыстан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі кезекті тексерістен кейін мемлекеттік қызметтен 3974 адамды жұмыстан қуды.

Бұл туралы russian.rt.com сайты жазуда.

Атап өтілгендей, олардың арасында шенеуніктер ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілер мен ғылыми қызметкерлер де бар. Түркияның мемлекеттік мекемелерінде ауқымды тексерістер 2016 жылы әскери төңкеріс ұйымдастыру әрекетінен кейін басталды.

2017 жылдың басында төңкеріске қатысы бар деген күдікке іліккен 4,5 мыңға жуық адам жұмыстарынан айырылды. 

Соңғы жаңалықтар