Түркияда төңкеріске қатысты іс бойынша 40 сарбаз қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі Конья қаласындағы авиабазасының 40 әскери қызметкерін қамауға алды, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Доган ақпараттық агенттігінің ақпаратынша, тағы 47 сарбазды қамауға алу үшін ордер берілді. Бұл үдеріс 2016 жылы шілдеде орын алған төңкеріс әрекетін тергеу негізінде жүзеге асып жатыр.  

Бұл билік Түркиядағы төңкерістің ұйымдастырушысы деп санайтын «Хизмет» қозғалысының басшысы Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен азаматтарды қамауға алудың үшінші легі.

Қазіргі таңда төңкеріске қатысты деген күдікпен 32 мың адам түрмеге қамалды. Тағы шамамен 100 мың адам, соның ішінде жоғары әскери басшылық өкілдері өз лауазымдарынан (шендерінен) айырылды.  

Соңғы жаңалықтар