Түркияда теракті жасамақ болған экстремистер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстігінде теракті жасамақ болған бес лаңкес құрықталды. Бұл туралы ТАСС «Dogan» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жұма күні қауіпсіздік қызметкерлері Хатай провинциясында Сирияның мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлікті тоқтатқан. Машинада Түркияның - екі, Сирияның үш азаматы болған. Ұсталғандардың екеуінің беліне жарылғыш заттары бар белдік байланғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар