Түркияда ресейлік парашютші 70 метр биіктіктен құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Түркиядағы Мугла провинциясында ресейлік парашютші 70 метр биіктіктен құлады, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Басылымның ақпаратына қарағанда, ол Олюденизеде демалып жатқан. Бұл жерде парашютшілер арасында кеңінен танымал, ұшуға арналған алаңдары бар Бабадаг тауы орналасқан( 2000 метрге жуық).

Соңғы жаңалықтар