Түркияда мақта жинап жүрген үш жеткіншек қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда мақта алқабынан үш жеткіншектің денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар мақта үйіндісінде ұйықтап, тұншығып қалған.

Қайғылы оқиға 19 қазан күні таңертең елдің оңтүстік шығысындағы Шанлыурфа облысында болған. Біреуі - 12, қалған екеуі 14-ке толған балалар егістікке ата-аналарымен бірге мақта жинауға келген, деп хабарлайды Hurriyet.

Әлдебір уақытта балалар жоғалып кетеді. Полиция қызметкерлері шақырылып,  жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде олар жиналған мақта үйіндісінің астынан табылған.

Үйінді үстінде ұйықтап жатқан жеткіншектердің үстіне мақта құлап, тұншығып қалған деген болжам жасалып отыр. Полция оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар