Түркияда Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Түркияда «Кастамону - 2018 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаев жылының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман мен Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз қатысты. Сондай-ақ жиынға Кастамону қаласының басшысы Тахсин Бабаш жəне Түркия қалаларындағы губернаторлар мен əкімдер, Түркі елдерінің өкілдері мен Мағжан Жұмабаев  туған Солтүстік Қазақстан облысының мəдениет қызметкерлері жəне Қазақстандық ақын-жазушылар да арнайы шақырылды.

Жиында туғанына 125 жыл толған айбынды ақынды бір минуттық үнсіздікпен еске алған түркі жұрты оның ғұмыры мен шығармаларынан сыр шертер бейнефильм мен Солтүстік Қазақстан облысы өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Түркияның Мəдениет жəне туризм министрінің орынбасары Хусейн Яйман Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып, көптің құрметіне бөленді. Айта кетерлігі, Мағжан өлеңдері түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шыққан.
null 

«Атаулы жыл аясында желтоқсан айына дейін көптеген іс-шаралар мен түрлі кездесулер өткізілетін болады. Мағжан Жұмабаев жылына арналған арнайы бағдарламалар тек Кастамону қаласында ғана емес, Түркияға қарасты басқа қалаларда да ұйымдастырылады» - дейді ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов.

Естеріңізге сала кетсек, ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Мәдениет министрлерінің Түркістан қаласында өткен ХХХV Тұрақты Кеңесі отырысында Түркі елдерінің 2018 жылғы мəдени астанасы деп Кастамону қаласы бекітілген болатын. Осы орайда, 50-ден аса іс-шараларды өткізу жоспарға алынған. Мағжан Жұмабаевты еске алып, түркітілдес елдер арасында кеңінен насихаттауға арналған іс-шара 19 ақпан күні Анкара қаласында жалғасады. Ал 21 наурыз күні «Кастамону - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылуы өтеді.

null null  null 

Соңғы жаңалықтар