Түркияда көлік жарылып, полиция қызметкері мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның шығысындағы Бингель провинциясына қарасты Генч ауданында жарылғыш зат қойылған көлік жарылып, полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиғаның салдарынан 6 полицейді қосқанда барлығы 16 адам зардап шекті.

Жарылыс бомба қойылған көліктің жанынан брондалған полиция көлігі өтіп бара жатқан сәтте орын алды. Аталмыш әрекет үшін қазір Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшы партиясының мүшелеріне күдік келтірілуде. Оқиға болған аймақта жағдайды реттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар