Түркияда «Қазақстанға саяхат» атты конкурс жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР-дың Түркиядағы Елшілігі «Қазақстанға саяхат» конкурсын жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық Көрмесін, Астана қаласын, Қазақстанның мəдени-экономикалық, туристік тартымдылығын танытатын сурет, видео, қысқаша жазбаны #AstanaEXPOTR хэштэгімен әлеуметтік желілерде бөліс, Қазақстанға 2 кісілік Rixos қонақ үйлерінде (Rixos President Astana, Rixos Borovoe, Rixos Almaty) 7 түн қону және Эйр-Астана компаниясынан тегін билеттер ұтып ал», - деп жазылған Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында.

Мәлімет бойынша, конкурс 1 шілде мен 30 тамыз аралығында өтеді. Конкурс нәтижелерін арнайы комиссия анықтайды. 

null

Соңғы жаңалықтар