Түркияда қазақстандық туристер жер сілкінісі әлі де жалғасып жатқанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның батыс бөлігінде демалып жатқан қазақстандық туристер жер сілкінісінің әлі де жалғасып жатқанын айтуда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жер сілкінісі басылар емес. Әр 30 минут сайын 4-5 балл. Адамдар дүрлігіп кетті. Ұшатын рейстер жоқ. Ертең барлық қазақстандықтар тур операторға барамыз. Демалушылардың барлығы төсекті тапшанға салуда. Кей қонақкүйлерде ғимаратқа кірмеуді ұсынуда. Екінші күн болды, өте қиын жағдайдамыз. Мүмкін Қазақстан өзінің азаматтары үшін ұшақ жіберер?», - деп жазды Бодрумнан Фейсбуктегі парақшасына Зарина Әбденова.

ҚР СІМ баспасөз қызметінде ҚазАқпарат тілшісіне дипломаттар қазақстандық туристермен бірге екенін хабарлады. «Иә, дүмпудің қайталағанын білеміз. Дипломаттар көмек сұрап жүгінген қазақстандық азаматтармен байланыста. Бұл уақытқа дейін қазақстандықтар арасында зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ», - деді телефон бойынша СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. Сонымен қатар, түрік тарапының хабарламасы бойынша жаңа дүмпулер күтілмейді. Фото Reuters 

Соңғы жаңалықтар