Түркияда қазақстандық бойжеткенді көлік қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анталияда 21 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын жаяу жүргіншілер жолында автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің келтірген мәліметіне сәйкес, оқиға 4 қазан күні сағат 19:00 шамасында Анталия қаласы Коньяалты ауданында тіркелген.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бойжеткен бас сүйегі жарақаттанып, қаланың жеке клникаларының біріне жеткізілген. Сол жерде оған жедел ота жасалған. Қазақстанның консулы қазақстандық жатқан клиникаға барып, дәрігерлермен кездесті. Қазіргі уақытта зардап шеккен бойжеткен жансақтау бөлімінде жатыр. Клиниканың  дәрігерлерінің айтуына қарағанда оның жағдайы  ауыр, бірақ тұрақты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар бойжеткеннің туған-туыстарымен байланыс  орнатып, көмек көрсетуде.  Сонымен бірге, ол жергілікті полициямен тығыс байланыс орнатып, істің мән-жайының анықталуына күш салып жатыр.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бойжеткен Анталияға туристік виза бойынша әпкесіне келген. Медициналық сақтандыруы бар. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар