Түркияда Халықаралық балалар фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Бурса провинциясында  40-ыншы Халықаралық балалар фестивалі өтеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Оған 40 елдің балалары қатысады. 23 сәуірде өтетін осы шара 1979 жылдан бері Түркия телерадиокомпаниясының халықаралық деңгейде ұйымдастыратын  бірегей балалар мерекесі.

Фестиваль әлемнің түрлі елдеріндегі балаларды достастыруға ықпал етеді. Фестивальдың ашылу салтанаты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның демеуімен Анкарадағы Президент кешенінде өтеді.

Шараға қатысушылар бұл қалада бірнеше күн болып, кейін Бурсаға аттанады.

23 сәуір Ұлттық суверенитет және балалар күні - Түркияның ұлттық мерекесі.

Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік балаларға сыйлаған осы күнде жыл сайын түрлі шаралар өтіп жатады.

 Фото: aa.com.tr

Соңғы жаңалықтар