Түркияда Халифа Алтайды еске алу кеші өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың танымал зиялысы Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына орай Ыстанбұл қаласында еске алу кеші өтті. Шара аясында тұлғаның Түркияда және Қазақстанда басылып шыққан кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Қазақстан, Түркия, Франция елдерінен келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Париж, Ыстанбұл қалаларында тұратын Әбдісамат Алтай, Мешкүре, Шекүре секілді басқа да ұрпақтары, жақын туыстары қатысып сөз сөйледі. 

Халифа Алтайдың өмір жолына, Түркі дүниесіндегі орны мен елге оралу тарихына, шығармашылығы және оны зерттеу мәселелеріне қатысты Алматы қаласынан келген ұлы Әбдірахим Алтай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы хатшысы Ботакөз Уатқан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Данагүл Махат сөз сөйледі.
null 

Мимар Синан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара да Халифа Алтай жайлы үлкен тебіреніспен әңгіме өрбітті. Оның айтуынша, Түркия Мәдениет министрлігінің қолдауымен 1980 жылы жарық көрген Халифа Алтайдың «Атажұрттан Анадолыға» атты еңбегі ерекше бағалауға тұрарлық. Онда Өр Алтайдан қазіргі Түркияға көшкен қаймана қазақтың тағдыр-тауқыметінен тың деректер келтірген.
null 

«Алаш жұрты Халифа Алтаймен мақтанамыз. Тек Түркиядағы қазақтар ғана емес, бүкіл түркі дүниесі Халифа Алтаймен мақтанады. Өйткені ол Құран Кәрім сияқты қасиетті кітабын қазақ тілінде сөйлеткен тұлға. Сонымен қатар, оның еңбектері халықаралық көлемде мәнді болып отыр. Оны зерттеген неміс ғалымдары бар. Марк Кишнер Гиссен университетінің профессоры кезінде Халифа Алтайдан сабақ алған, көмек алған. Ол кісінің де Халифа Алтай жайлы зерттеулері, мақалалары бар. Ендеше Халифа Алтай бүкіл түркі әлеміне және Еуропаға танымал ұлы азамат», - деді профессор Әбдіуақап Қара. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алда ғұламаның мерейлі 100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция Астана қаласы мен Еуропаның бірқатар елдерінде өткізіледі деп жоспарланған. 
nullnull 

Соңғы жаңалықтар