Түркияда болған жол апатынан 11 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Эскешихир қаласының маңында болған жол-көлік апаты салдарынан 11 адам мерт болып, 44 адам жарақат алған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Туристік автобус Эскешихир-Бурса тасжолының үшінші шақырымында жолдан шығып кетіп, ағашқа соғысқан.

Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар