Түркияда 74 әскери қызметкер қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда биылғы 15 шілдедегі төңкеріске қатысы бар әскери қызметкерлерді құрықтау операциясы әлі де жалғасуда. Бүгін таңертең осы елдің құзырлы органдары Конияға қарасты 17 провинция мен 3-ші ұшқыштар Бас қолбасшылығында тінту жүргізіп, 74 әскери қызметкерді қамауға алды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Оларға Кония провинциясының Бас прокуратурасы «конституция талаптарын өрескел бұзып, заң шығарушы органдарының қызметіне кедергі келтірді билікке қарсы көтеріліс ұйымдастырды және террорлық ұйымға қолғабыс етті» деген айып тағуда.

Естеріңізде болса, осыған дейін мұндай ауыр айыппен 3-ші ұшқыштар және Кония гарнизонының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Халук Шахар мен жоғары лауазымды 23 офицер темір торға тоғытылған болатын.

 
Соңғы жаңалықтар