Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 325.20 EUR 397.13
RUB 5.74 CNY 50.65
Жаңалықтар

Түркияда 160 жолаушысы бар ұшақ жар шетіне ілініп қалды

2018 жылғы 14 қаңтар 21:27 702
Поделиться:
Түркияда 160 жолаушысы бар ұшақ жар шетіне ілініп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда 160 жолаушысы бар ұшақ жар шетіне ілініп қалды. Оқиға Boeing 737-800 ұшағы қонғалы жатқан кезде болған, деп жазады «ҚазАқпарат» ХАА Анадолу агенттігіне сілтемемен.


Pegasus авиакомпаниясының ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Оқиғадан жапа шеккендер жоқ, барлық жолаушы қауіпсіз жерге шығарылғаны хабарланады. Сондай-ақ, құтқарушылар өрт бола қалса, оның көзін жою амалдарын алдын ала жасаған. Апаттың неден болғаны анықталып жатыр.

Болған жағдайға байланысты Трабзона әуежайы уақытша жабылды. Қазіргі уақытта ол өз жұмысын штаттық жағдайда жүргізіп жатыр. Санаулы сәттер бұрын бір рейс Ыстанбұлға ұшып кетті.


Түркияда 160 жолаушысы бар ұшақ жар шетіне ілініп қалды

 


Басты сөздер: Оқиға, Түркия,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Ербол Жанат

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат