Түркия жоғары жылдамдықты темір жол желісін кеңейтеді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия темір жол инфрақұрылымындағы инвестиция  магистральдық жол құрылысына салынған қаражаттан асып түсті. 

Бұл туралы көлік, кеме қатынасы және коммуникация министрі Ахмет Арслан мәлім етті, деп хабарлады «Анадолу» агенттігі.

 «Биыл Түркия үкіметі темір жол көлігі саласына 11, 3 млрд  лира  инвестициялады. Атап айтқанда, инвестиция жоғары жылдамдықты пойыздарға арналған инфрақұрылымды құруға бағытталды. Бірінші жоғары жылдамдықты пойыз Түркияда алғаш рет 2009 жылы пайда болды. Қазіргі уақытта Түркиядағы жоғары жылдамдықты темір жол желісінің ұзындығы 1213 шақырымды құрайды», - деді Ахмет Арслан.

Сондай-ақ министр 2019 жылы Анкара, Афьонкарахисар, Ушак, Манису және Измирді біріктіретін жоғары жылдамдықты темір жол желісі  құрылысының аяқталатындығын айтты.  Баку-Тбилиси-Карс жобасының маңызды буыны болып табылатын Анкара-Кырыккале-Йозгат-Сивас жоғары жылдамдықты темір жол желісін салу жұмыстары жалғасады.

  Баку-Тбилиси-Карс  темір жолы әзербайжан-грузин-түрік мемлекетаралық келісімі негізінде салынуда.  Жобаны іске асыру  2008 жылы басталған.    Жоба аясында   Ахалкалаки  стансасынан   Грузияға   Карс қаласындағы темір жолға дейін желі салынады. Жалпы ұзындығы  826 шақырым.

Соңғы жаңалықтар