Түркия Сириямен шекарадағы 911 шақырымдық бетонды қоршаудың құрылысын аяқтауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия мен Сирия мемлекеттерінің шекарасына бетонды дуалды орнату жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

«Алып қоршаудың 711 шақырымы аяқталды. Географиялық қиын жағдайлар мен миналы алқаптардың болуына қарамастан, құрылыс жұмыстары таяу уақытта аяқталады. Бұл шекарадағы қауіпсіздікті әлдеқайда күшейте түсетін болады», - деп атап өтті Түркияның Тұрғын үй құрылысын дамыту басқармасының басшысы Эргюн Туран.

Э.Турган еске салып өткендей, түрік-сирия шекарасында ұзақтығы 911 шақырым бетон қорғанын тұрғызу туралы шешім лаңкестік қаупінің артуы мен шекараны заңсыз кесіп өту фактілерінің жиілеп кетуі салдарынан қабылданған.

Басқарма басшысы сондай-ақ, жаңа дуалдың периметрі бойынша жаңғыртылған шолу мұнаралары орнатылып жатқанын атап өтті.

«Қабырға модульді болғандықтан, қауіпсіздікке төнген қатер жойылғаннан кейін, оны бөлшектеп, басқа жерде пайдалануға болады. Онда тек жергілікті материалдар қолданылуда. Қабырғаны түрік компаниялары тұрғызып жатыр. Күн сайын дуалдың 2,5-3 шақырымы салынуда», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар