Түркия Қазақстанға 5 млрд доллар инвестиция салуға дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҚР ҰКП мен Түркия кәсіпкерлері арасында ынтамақтастық туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

22 қараша күні «Атамекен» алаңында ҰКП Төралқа төрағасы Хатшылығының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова және  Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясының басқарма төрайымы Незакет Эмине Атасойдың екіжақты кездесуі өтті.

Незакет Эмина Атасой Қазақстан Республикасының елордасы Астанаға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Біз екі ел арасындағы сауда қатынастарын нығайту үшін келдік. Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы әлемнің 100-ден астам мемлекеттерінде жұмыс істейді. Өкілдіктеріміз Африка, Азия мемлекеттерінде бар. Жалпы конфедерация іскер ерлер мен әйелдерден тұрады. Біз өнеркәсіп пен индустрияда ғана емес, экономиканың барлық салаларында жұмыс істейміз», - деді Незакет Эмина Атасой.
null 

Шара барысында Незакет Эмина Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы қызметі туралы әңгіме қозғады.

«Қазақстанға 5 млрд АҚШ долларын құрайтын сомаға кепілдік хатын алып келдім. Бұл қаржыны Қазақстан Үкіметі мемлекеттің ары қарай гүлденуіне жұмсайды деп сенеміз.  Біздің мақсатымыз - екі ел арасындағы импорт пен экспорт қатынастарын нығайтып, тауар тасымалына кедергі келтіретін кедендік тексерістерді жеңілдету», - деді Конфедерация төрайымы.
null 

Оның сөзінше, Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы Африканың 54 мемлекетімен, Парсы шығанағының 22 мемлекетімен байланыс орнатқан. Бұл мемлекеттер арасында жыл сайын Халықаралық форумдар өтеді, маңызды келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылады. Конфедерацияның бас кеңсесі Анкарада орналасқан. Қазақстан нарығы Түркия ұйымына Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан нарықтарына шығуға жол ашады. Енді Түркия тарапы 2018 жылдың алғашқы айларында Таяу Шығыс мемлекеттерінің қатысуымен Қазақстан мен Түркия халықаралық форумын өткізбек.

Шара барысында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева қаржы, медицина, туризм салаларындағы басымдықтар туралы айтты.

«Екі ел арасындағы серіктестік өте берік. Қазақстанда түркиялық капиталдың көлемі айтарлықтай зор. Риксос желісі Қазақстанға келген алғашқы бес жұлдызды қонақүйлер. Бүгінде Риксос қонақүйлері 4 өңірде ашылған. Медицина саласында да ірі компаниялар жұмыс істейді, олар клиникалар мен фармацевтикалық зауыттар. Медициналық туризм де дамып келеді. Қазақстандық студенттер Түркияға барып, білім алуда. Туризм саласында Ұлттық палатаның туризм саласында тиімді 40 жобасының тізбесі бар. Олар түркиялық инвесторларды қызықтырады деген сенімдемін. Инвесторлардың құқығын қорғауда кәсіпкерлер палатасы тиісті заңнаманы өзгертуде белсенді жұмыс атқарып жатыр. Кедергілер көп, мониторинг жүргіземіз, инвесторлардың барлық мәселелерін «Атамекен» алаңында шешуге жағдай жасаймыз», - деді Юлия Якупбаева.

Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова Незакет Эмина Атасой ханымға тиімді жұмыс істеу үшін Конфедерацияның Қазақстандағы өкілдігін ашуды ұсынды. Түркия тарапы жуық арада осы мәселені шешетіндерін жеткізді. Екі мемлекеттің басшыларының тығыз байланысы арқылы Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс артып келеді.
null 

«Атамекен» ҚР ҰКП мен Түркия кәсіпкерлері мен өнеркәсіп өкілдері конфедерациясы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына атсалысады. Өйткені сауда, өнеркәсіп және инвестицияларды тартуда мүдделер ортақ. Түркия тарапы Қазақстанға 5 млрд АҚШ долларына дейін инвестиция салуға дайын. Аталған инвестициялық қаржы 1,5%-пен берілмек. Аталған меморандум сауда қатынасында ақпарат тарату мен жарияланымдар бойынша тәжірибе алмасу, экономикалық ынтымақтастыққа атсалысу, бизнесті дамытуға бағытталған екіжақты іс-шараларды өткізуді көздейді.

Кездесу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова мен «Атасойлар Престиж» Холдингінің басқарма төрайымы Незакет Эмине Атасой өзара ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
null 

Соңғы жаңалықтар