Түркия кәсіпкерлері ОҚО-ға инвестиция салуға ниетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Түркияның Анталия индустриялық аймағынан келген делегация мен жергілікті кәсіпкерлердің B2B кездесулері өтті.

Тараптар ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларға инвестиция тарту, осы саладағы орта және шағын бизнесті дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Бүгінгі кездесу қортындысымен түркиялық кәсіпкерлер өңірге инвестиция салуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді. Делегация құрамында халықаралық ірі компаниялардың басшылары мен олардың аймақтық өкілдері бар. Олар ауыл шаруашылығына, құрылысқа қажетті заттар мен  өзге де өндірістер саласында қолданылатын өте шағын және дәл бөлшектерді жасап шығарумен айналысады. Шетелдік бизнес өкілдерінің күнгейге келудегі басты мақсаты - өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату екені аталып өтілді. 

2  

Келіссөздер барысында қонақтарға еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау мен облыс экономикасының инвестициялық тартымдылығы туралы ақпарат берілді.

1  

Айта кету керек, осы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облыстық  кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының бір топ мамандары Анталия провинциясының кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесіп, 12 түрік компаниясымен өзара ынтамықтастыққа қол жеткізген болатын.

3  

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы үш компаниямен келісімге қол қойылды.  Олар: кептірілген жемістер және азық-түлікке арналған қаптама өндірумен айналысатын  «Çitello»,  жылыжайға арналған  жабдықтарды өндіру және орнатумен аты шыққан "SiMGETEK A.S.", құрғақ құрылыс қоспаларын және бояу өнімдерін өндіретін "CUBO" компаниялары. 

Соңғы жаңалықтар