Түркия ЕУРО-2024 финалын өткізуге үміткер қалаларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда ЕУРО-2024 финалын өткізуге үміткер қалалар аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» Агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Футбол федерациясы (TFF) 2024 жылы Еуропа чемпионатының ақтық матчтарын өткізуге үміткер қалалар мен стадиондарды атады. Тиісті тізім TFF-тің атқарушы комитетінің 17 қыркүйек күні өткен отырысы барысында бекітілді.

- Ыстанбұл (Ататүрк Олимпиадалық стадионы және Түрк Телеком Арена)

- Бурса (Бурса муниципалитетінің стадионы)

- Анталья (Анталья стадионы)

- Эскишехир (Эскишехир жаңа стадионы)

- Газиантеп (Газиантеп стадионы)

- Кайсери (Кадир Хас стадионы)

- Трабзон (Медикал Парк)

- Коджаэли (Коджаэли жаңа стадионы) 

- Анкара (Анкараның жаңа стадионы)

Аталмыш тізім УЕФА-ға 2018 жылдың 27  сәуірі күні тапсырылатын болады. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалы өтетін орын 2018 жылдың қыркүйек айында анықталады. 

Соңғы жаңалықтар