Түркия азаматына заңсыз ойын бизнесі үшін 1,1 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сот заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Түркия азаматына 1 134 500 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА елорда сотына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың қараша айында Түркия азаматы жалға алынған дәмхана ғимаратында аппаратты-бағдарламалық кешен орнатқан. Мемлекеттік лицензиясы жоқ шетелдік азамат оны букмекерлік кеңсе ретінде жасырын ұстаған.

Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Түркия азаматы ҚР ҚК-інің 307-бабы 1-тармағы (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен азаматқа 500 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл тағайындалды. Үкім заңдық күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ, айыппұл санкциялары, салық пен басқа да төлемдер есептеулері үшін 1 АЕК көлемі мемлекет заңнамаларына сәйкес 2017 жылы 2 269 теңге болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар