Түркістандағы «Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандағы «Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналатын болды. Бұл туралы мәліметті Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енген. Ондағы «Күлтөбе» қалашығы (І мың жылдық ортасы -ХІҮ ғ.) - Қазақстандағы көне қаланың орны саналады. Қалашық Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метр жерде орналасқан. Тарихи орында сопақша келген, биіктігі 9 метр болатын төбешік бар. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінген грантқа бүгінде қалашықта «Түркістан экспедициясы» археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келді.

2013-2014 жылдары қалашық аумағын табиғи факторлардан қорғау үшін металл конструкциясы жасалып, төбесі уақытша материалмен жабылған. Ал, ағымдағы жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша археологиялық қазба жұмыстарын «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жүргізуде. Сондай-ақ, «Қазқайтажаңғырту» РМК тарапынан жоспарға сай «Күлтөбе» қалашығы ескерткішінің төбесін жабу жұмыстары іске асырылуда. «Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Осының негізінде енді қалашықты ашық аспан астындағы музейге айналдыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар