Түркістандағы псиxоневрологиялық диспансердің басшылығы жұмыстан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Оңтүстік Қазақстан облысындағы псиxоневрологиялық диспансерде 60 науқастың жаппай туберкулезға шалдығу себептерін ашып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, Оңтүстік Қазақстан облысында туберкулезбен жаппай улану оқиғасы болды. Алайда аталған диспансер әлеуметтік оңалту мекемесіне жатады. Бұл медициналық мекеме емес. Ол жерде псиxикалық ауруларға шалдыққандарды емдейді. Оған туберкулездің ашық формасы бар науқастар түскеннен кейін ауру басқа адамдарға тарап кеткен», - дейді Біртанов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде туберкулезға шалдыққандардың барлығы арнайы емдеу мекемелеріне жатқызылды. Ал оқиға орны - Түркістанның өзіне арнайы республикалық комиссия аттанды. Қазіргі кезде псиxоневрологиялық диспансерде зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

«Ол мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер бұзылды. Осыған байланысты диспансер басшылығы жұмыстан қуылды. Науқастар, медқызметкерлер - барлығы 500 адам арнайы тексерістен өтті», - деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар