Түркістандағы атышулы психодиспансерде өрт шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандағы психоневрологиялық диспансерде өрт шықты. Емдеу мекемесінің түн жарымда отқа оранғанын жергілікті тұрғындар түсіріп алыпты. Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі орталықтың қоймасы жанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Ұялы телефондағы бейнетүсірілімде мекеменің бір қабатты ғимараты өртеніп жатқаны көрініп тұр. Артқы жағында емдеу орталығының екі қабатты ғимараты түсірілген. Сондай-ақ өрт сөндіру көліктерінің дауысы естіледі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше жалын диспансердің негізгі ғимаратына өтпеген. Сондықтан науқастар ешқайда көшірілмепті. Тек 200 шаршы метрді құрайтын қойма бөлігі отқа оранған.

«Бізге кеше кешкісін 20.05 шамасында Түркістан қаласындағы емдеу мекемесінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына 20 сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды. Олар қоймадағы ағаштар мен есіктерді, құрылыс қоқыстарын және шатырдағы отты өшірген. Жалын 21.55-тер шамасында толықтай ауыздықталды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ»,-дейді облыстық ТЖД бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Соңғы жаңалықтар