Түркістанда «Жастар - рухани жаңғырудың жаршысы» атты жастар форумы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда «Жастар - рухани жаңғырудың жаршысы» атты жастар форумы өтті. Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруда маңызды саналатын шарада жастардың болашаққа ықпалы кеңінен айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқалы жиында сөз алғандар жергілікті жастардың мүмкіндіктері мен белсенділіктерін ерекше атап өтті. Бұл ретте қала басшысы Әліпбек Өсербаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыруға жас толқын белсенді түрде атсалысуы керектігін тілге тиек етті. Мақалаға сай рухани құндылықтар мен отбасы тәрбиесі, салт-сананы жаңғырту жақтары да жиында кеңінен сөз болды. Жастар кері діни ағымдардың жетегіне ермей, кертартпа, қараңғы әдеттерге ермегені дұрыс,- деді Әліпбек Өсербаев.

Шаһар басшысының сөзінше, Түркістанда 70 мыңға жуық жас бар. Олардың ішінде 14 пен 29 жас аралығындағылары қала тұрғындарының 30 пайызын құрайды.

Сондай-ақ форумда жастар ұйымдарының өкілдері Мемлекет басшысы мақаласының маңызды бағыттарын талқылады. Жиын соңында өз биігін бағындырып, талайға үлгі болған бірқатар жас қала билігінің құрмет-қошеметіне бөленді.

Соңғы жаңалықтар