Түркістанда түркі әлемінің суретшілері бір күнде 28 этюд жасады

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат-Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер суретшілерінің ХХ-шы пленэрі киелі Түркістан қаласында өтуде. Рухани қалада қылқалам шеберлері 28 этюд жасап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

9 мемлекеттің кәсіби суретшілері пленэрде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында кенеп бетінде майлы боуямен кескіндемелік шығармалар салды. Түркістан қаласындағы шығармашылық жұмыстар көрмесі 3 күнге жалғасады. Суретшілер тобы кесене аумағы мен қаланың көрікті жерлерін сырлы бояу арқылы суреттейтін болады.
null 
null 

Арнайы кестеге сәйкес қылқалам шеберлерінің пленэрі Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі мен тарихи, мәдени ескерткіштер және Хан тағы, Қаратау қорығы аумағы, Бәйдібек ауданының Ақмешіт, Қостұра аймағы мен Қазығұрт, Сайрам-Өгем тау шатқалдары, Шымкент қаласының көрікті орындарында жалғасын таппақ. Ал, ағымдағы жылдың 22 тамызы күні облыстық Бейнелеу өнері музейінің көрме залында пленэр барысында салынған жұмыстардың қорытынды көрмесінің ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімі өтеді деп күтілуде.
null 
null 
null 
null 

Соңғы жаңалықтар