Түркістанда Түркі әлемі БАҚ өкілдерінің халықаралық форумы өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда Түркі әлемі елдері БАҚ өкілдерінің басын қосқан «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» деп халықаралық журналистер форумы өтуде. Бұл басқосу «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жоба аясында ұйымдастырылуда. Форумға Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Түркия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру  мақсатында өткізіліп отырған форум  түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтып, халықтарды жақындастырмақ. Сондай-ақ  ортақ мәдениет пен өркениет қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз. Форумның ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев кіріспе сөз сөйлеп, аталған форум «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралардың ішіндегі маңызды жиынның бірі екендігін атап өтті. Форумға қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі мәселелерді талқылап, белсенді қатысуға шақырды.
null

«Бүгінде түркі елдері журналистердің басын қосқан форумда Түркі әлеміне ортақ телеарна құру мәселесі талқыға салынып жатыр. Ақпараттық кеңістік құрудағы басты мақсат - Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан,Өзбекстан, Татарстан секілді елдермен қатар жер шарындағы  түркітілдес халықтардың өзара ақпарат алмасу, жедел хабар алу, баспасөзде серіктестік құру түбі бір түркі елдеріне ортақ білім, мәдениет, рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттау болмақ. Яғни ол бірлігімізге, рухани , саяси байланыстарымыз нығая түседі  деп ойлаймыз», - деді Жансейіт Түймебаев.
null 

Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
null

null 

Соңғы жаңалықтар