Түркістанда студент көшеде мылтықпен жүрген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда колледж студентінің шолақ мылтықпен жүргені анықталды. Жас жігіттің қолынан суық қаруы тәртіп сақшылары жедел және алдын алу іс-шаралары барысында анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазргі таңда аталған факті бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің «Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру» бабымен іс қозғап, бірыңғай тізілімге тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда полицейлер жас жігіттің қаруды қандай мақсатта алып жүргенін анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жалпы, Түркістан ҚІІБ қызметкерлері жедел және алдын алу іс-шаралары барысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 16 қару тәркіленіп алды. Түркістан қаласының тұрғындарынан қару сатып алу акциясы барысында ішкі істер басқармасына 23 дана қару тапсырылған. Оның 7-еуі шолақ мылтық болып шықты. 

Соңғы жаңалықтар