Түркістанда полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Түркістанда  полицейлер заңсыз сақталған қаруларды тәркіледі.  Өңірдің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел профилактикалық іс-шара  барысында  тәркіленген қарулардың 4-еуі тегіс ұңғылы мылтық болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардың бірінің үйінен тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығын тапты. Полицейлердің анықтауынша үй иесінің қаруға рұқсат құжаттары болмаған. Бүгінде аңшылық қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Қазіргі таңда аталған заңсыз қару сақтағандарға қатысты 287 «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және  жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,  өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»  бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар