Түркістанда қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілетуге арналған семинар өтуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда  Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен өңірлік семинар өтуде.

 Жиында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету мәселелері сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null 

Үш күндік семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облыстық басқармалар мен ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысуда. Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов пен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Бахытжан Мұхамеджанов, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков қатысып, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық біргейлікті сақтаудың маңыздылығын сөз етті. Жиында ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ атынан университет кітапханасына бірқатар кітаптар тарту етілді.

null 

Бұдан бөлек, семинар барысында  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары Е.Абулхатин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Қ.Жахин, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері Т.Мармонтова, Ж.Үсіпбекова, А.Нұрлан, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.к. Қ.Даркенов және т.б ғалымдар мен қоғам белсенділері «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәріс оқиды деп жоспарланған.

nullnull

null 

Соңғы жаңалықтар