Түркістанда қалта ұрлығын кәсіп еткен күдікті ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда қалта ұрлығын кәсіп еткен күдікті ұсталды. Қазіргі таңда қолға түскен сезіктінің халық көп шоғырланған жерлер мен қоғамдық орындарда он шақты рет ұрлық жасағаны анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Белгілі болғандай, Түркістанда полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша қоғамдық көлікке мінер кезінде белгісіз азамат құны 45 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, күдікті ретінде Кентау қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында оның бұрын сотты болғаны анықталды.

Жауап алу барысында сезікті он шақты рет қалта ұрлығын жасағанын мойындаған. Яғни, азаматтардың бейқам не ұқыпсыздығын пайдаланып, қалталарынан ұялы телефондарын, бағалы заттары мен ақшаларын ұрлап отырыпты. Сөйтіп, оқиға орнынан ізін суытып жүрген. Қолды еткен заттарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Бүгінде қалта ұрысының жәбірленушілерге жарты миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталып отыр.

Полицейлер аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-ші «Ұрлық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар