Түркістанда ХІХ ғасырдағы әшекейлер көрмеге қойылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда «Ұлттық әшекей жауһарлары» көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және ОҚО Тарихи-мәдени этнографиялық орталығы ұйымдастырған шараға колледж студенттері мен оқытушылары, мектеп оқушылары және қала қонақтары қатысты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған көрме экспозициясына «Әзірет Сұлтан» қорық-музей қорынан 50-ден аса зергерлік бұйымдар қойылды.  ХІХ ғасырға жататын белдік, бойтұмар, алқа, жүзік, моншақ, білезік, сырға, шолпы, әшекей сынды этнографиялық көзтартар құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің тұсаукесерінде «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Ғани Ысқақов  экспозицяға қойылған құнды жәдігерлер жайлы айта келе, олардың тарихи маңыздылығы мен мәніне тоқталды. Барша қонақтар мен мекеме қызметкерлерін шымылдығы түрілген көрмемен құттықтаған директор орынбасары мазмұнды мәдени шаралар екі мекеме арасында әлі де жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Айта кетейік, аталған көрмені  қала қонақтары мен тұрғындары бір ай бойы тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар