Түркістанда халықаралық ғылыми конференция өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Биыл Ясауи бабамыздың өмірден өткеніне 850 жыл. Осыған орай Түркістанда халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістанда тарихи тұлғаның өмірі мен ғылымына арналған бесінші халықаралық конференцияда айтулы мәселелер көтерілді. Оған отандық ғалымдармен қатар, алыс жақын-шетелдің түркі мұраларын зерттеушілері қатысты.

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» деген тақырып ғалымдардың талқылауына тұздық болды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлардың бірі. Ежелден өркениет ошағы болған киелі мекен ұлы тұлғаның арқасында әлемге танылды. «Диуани хикмет» шығармасы ғасырлар бойы ел арасында кеңінен таралды және қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы Ясауи мұрасының негізінде қалыптасты. Басқосуда түркі еліне ортақ тұлға Қожа Ахмет Ясcауи еңбектерінен үйренеріміз көп екендігі аталып өтілді.

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты ғылыми-конференцияда сөз алғандар осы тақырып аясында әңгіме өрбітті.     

Ертеректе дәстүрді бекем ұстанған елдің игі жақсылары, хан-сұлтандар мен би-батырлар дүниеден өтерінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуді ұрпақтарына аманаттап отырған. Қазақ даласының, жалпы түркі дүниесінің рухани құндылықтары ғалым мұрасымен тығыз байланысты.   

Соңғы жаңалықтар